«Сапаинжиниринг» компаниясының сайта

«Сапаинжиниринг» ЖШС 2006 жылы құрылды. Компания инженерлік желілерді, халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күрд

елі жөндеуді, реконструкциялау мен салуды қадағалау, сондай-ақ барлық санаттағы автомобиль жолдарын жобалау және іздестіру саласындағы инжинирингтік және консалтингтік қызмет көрсету мақсатында құрылған. 

«Сапаинжиниринг» ЖШС-ның Қазақстан Республикасы Алматы облысының Талдықорған қаласында жақсы жабдықталған және орталығында қолайлы орналасқан кеңсесі бар. Сондай-ақ компания өз жобаларын қызметтердің ауқымды түрлерімен, оның ішінде материалдық-техникалық қамтамасыз етумен, қызметтік үй-жаймен, көлік құралдарымен және басқа да әкімшілік қызметтермен қамтамасыз етеді. «Сапаинжиниринг» ЖШС 2006 жылдан бастап өзінің өндірістік қызметін атқарып келеді. Компания өз қызметінде инжинирингтік қызмет көрсету қағидаларын, оның ішінде Қазақстанның автомобиль жолдарын салу және жөндеу жөніндегі үлгілік техникалық ерекшелік жинағын (1-бөлімі, 2-бөлімі, 3-бөлімі), ҚРҮҚ 218-34-04- Автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезінде жұмыстардың сапасын бақылау және оны қабылдау жөніндегі нұсқаулықты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 маусымдағы №635 қаулысымен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында инжинирингтiк қызметтер көрсету ережесiн және ҚР басқа да қолданыстағы нормативтерін, 1041 ҚР СТ, РД 50 ҚР 10 басшылыққа алады.