Shyraiber.kz сайты

SHYRAIBER ШП – бұл қалың көпшілікті өмірдің барлық салаларындағы бірегей шешімдер үлгілерімен таныстыруға және шешімгерлік мәдениетіне баулуға арналған тақырыптық жаңалықтық ресурс.

Біздің мақсатымыз – өмірде, жұмыста, жалпы, түрлі жағдайларда істі оңғаратын, оңтайлы шешім қабылдауға жол ашатын объективті, өзекті және пайдалы ақпарат ұсыну. Сондай-ақ, «екі жақты байланыс» орнатып, әр азаматтың әлемдегі, елдегі үдерістерге қатысты шешімді пікірлер айтуы мен тығырықтан шығар жолдарды көрсетуіне мүмкіндік беру.

Біз үшін рационалды және ой саларлық дүниелер ғана маңызды және құндылық болып табылады. Сондықтан да, «Үйрен де жирен» қағидасымен шешімділік өмірін насихаттау басты міндет. Яки Sheshim Life – бұл біздің стил.

Жаңа жаһанданған ғасырда нетократия өз алдына, ноократия бел алуда. Яғни, демократиядан қоғамды басқарудың жаңа эволюциялық формасы – ғылыми-техникалық прогресс пен қоғамның саяси-әлеуметтік дамуын бағыттап отыратын басты бағдарлаушы күш – зияткер элитаның билігі көрініс берді. Ендігіде, әлемдік бәсекеде есе жібермес үшін, қазақ қоғамы көкейкесті мәселелерді көтеретін емес, оларды нақты шешетін іскер ұрпаққа зәру. Алдағы тарихи межеде, ағымдағы ақпараттарды електен өткізетін және тиімді үрдіс қалыптастыруға қабілетті жаңа сипаттағы зиялы қауымға, дәлірегі, шешімгер қауымға сұраныс арта түседі. Шырайбершілер, міне, осы идеалға бастайды:

Портал 5 салалық: «Politics», «Экономика», «Қоғам», «Мәдениет», «Ноу-хау» және 2 тақырыптық: «Қазкреатив», «Germany&Japan» айдарларынан тұрады. Мұның ішінде, «Қазкреатив» бөлімі қазақ ойының күш-қуатын дәріптеуге, «Germany&Japan» тармағы осы өркениетті елдердің шешім қабылдаудағы жетістіктері мен тәжірибесін насихаттауға арналған.

Бұдан бөлек, ресурста қандай да бір мәселелерге қатысты тың шешім ұсынған сарапшылар мен мамандардың пікірлері жарияланатын «Шешім сөз» колонкасы мен Facebook, Twitter және тағы басқа әлеуметтік желілер қолданушыларының үздік идеялары көрініс табатын «Ойтүйер» айдаршасы және ұжымдық таңдауды анықтайтын «Қоғамдық ұйғарым» линиясы мен «Біздің әзіл» бұрышы, «Апта рейтингісі» мен «Сауалнама» желілері және «Қосымша» қосалқы тармағы бар.